Елорданың сол жағалауында үнемді, экологиялық таза және төзімді модульдік үй салынды
.jpg)
Астанада ModeX инновациялық модульдік технологиясы бойынша салынған Тұран-3
көшесінде Nova City заманауи тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
Жаңа жоба 375 пәтерден, 5 кіреберіс пен 1047 көлемді блоктан тұрады.
Комфорт класты үй Тұран даңғылы мен Төле би көшесінің арасында орналасқан және Grand
Turan бигвилльдің бір бөлігі болып табылады. Жақын жерде BINOM мектебі, «Хан
Шатыр» және «Азия Парк» сауда үйлері, «Анвар» және Magnum гипермаркеттері,
медициналық кластер және «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы сияқты барлық
қажетті инфрақұрылым орналасқан.
9-12 қабатты кешеннің бірінші қабатының биіктігі – 4,9 метр, екінші және басқа
қабаттардың биіктігі – 2,7 метр. Пәтерлердегі бөлме саны – 1-ден 3 бөлмеге дейін, ауданы 41-83 ш.м. Үйдің
сыртқы бетіне Австрияда жасалған желдеткіш аспалы панельдер пайдаланылған. Кіретін
есіктері электронды құлыптармен жабылады. Кіреберістер жеке дизайн жобасы
бойынша әрленген. Кең әрі қауіпсіз аулада ойын алаңдары, серуендейтін жолдар мен
жабық көлік тұрағы бар. Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген.
Тұран-3-тегі Nova City-де заманауи және жоғары технологиялық ModeX
зауытының модульдік тұрғын үй құрылысы пайдаланылды. Толық жинақталған блоктар
құрылыс алаңына жеткізіліп, біртұтас блокқа жинастырылады. Электр желілері,
жылу құбырлары сияқты барлық инженерлік жүйелер өнеркәсіптік талаппен тартылады.
Қатаң зауыттық бақылаудағы «конструктор бөлшектерін» өндіру ықтимал қателерден
қорғайды.
Жаңа инновациялық технология құрылыс индустриясының негізгі трендтерінің
бірі болып табылады. Модульдік үйдегі өмірдің басқалардан еш айырмашылығы жоқ,
бірақ мұндай нысанды салу жылдамдығы бірнеше есе жоғары. Осының арқасында
үнемділік пен экологиялық тазалыққа қол жеткізіледі. Мұндай әдіс құрылыс
қалдықтарының көлемін 70%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үйлер
жылу мен ылғалға төзімді және берік, оларды кем дегенде 70 жыл, ал қолайлы
климаттық жағдайларда одан да ұзақ уақыт бойы пайдалануға болады.
Қазақстанда модульдік құрылыс алғаш рет BI Group компаниясының ModeX
зауытында енгізілді. Бұл – еліміздегі бұл технологияны қолданатын жалғыз
кәсіпорын, оның баламасы жоқ. Керамзит пен бетоннан модульдерді құюдан бастап,
инженерлік желілерді жинақтауға дейінгі барлық өндіріс цехта жасалады. Көптеген
үдерістер автоматтандырылған, неміс және италиялық жабдықтар қолданылады. Бұл
ретте ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұмыстар тоқтамайды.
Кәсіпорында Германия, Сингапур, Бельгия және Ресейде қолданылатын көлемді блокты
тұрғын үй құрылысының инновациялық технологиялары енгізілген. Еліміздегі басқа
зауыттар панельдік элементтерді ғана шығарғандықтан, мұндай ғимараттар әрлеуді цехта
жасауға мүмкіндік бермейді. Биыл ModeX-те 3441 жиырма тонналық блок шығарылды,
бұл дегеніңіз – 1693 пәтер. Сондай-ақ бұл модульдерді балабақшалар, емханалар
және т.б. құрылыста қолдануға болады.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша кеңес алу үшін
BI Group компаниясының сату бөлімдеріне хабарласыңыз немесе 360 нөміріне
қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).