IQanat High School of Burabay құрылысы аяқталды

«Бурабай» курорттық аймағында ауылдан шыққан дарынды балаларға арналған ерекше мектеп-интернат іске қосылды. Оқу орнын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес BI Construction&Engineering компаниясы салды. Шортанды көлінің шығыс жағалауында орналасқан білім беру мекемесінің құрылысын кәсіпкер және меценат Айдын Рахымбаев қаржыландырды.
Шағын жинақты мектеп-интернат ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес ашылды. Аталмыш бұйрыққа сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы интернаттар, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар өздерінің оффлайн қызметін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқуды жабық режимде жүргізген жағдайда жүзеге асыра алады. Мектептегі барлық оқушы, мұғалімдер мен әкімшілік қызметкерлер COVID-19-ға екі рет тестілеуден сәтті өтті.
«Біз IQanat High School of Burabay-ды Қазақстандағы ең үздік мектеп қатарына қосуға шешім қабылдадық, оның түлектері әлемдегі ең беделді 100 университеттің студенттері болады. Мен әркімнің, соның ішінде ауыл балаларының сапалы білім алуға қол жеткізуге тиіс екендігіне сенімдімін. Сапалы адам капиталын өсіруді болашаққа құйылған ең дұрыс инвестиция деп санаймын. Уақыт өтер, ал біз Кембридж, Оксфорд, Гарвард университеттері студенттерінің қатарында өз студенттеріміздің есімдерін еститін боламыз», - деп ой бөлісті Айдын Рахымбаев.
Балалар жапондық білім беру моделінің негіздеріне сәйкес (тазалау, тамақ пісіру, кезекшілік және т.б.) тәуелсіз болуға үйренеді, гаджеттерді пайдалануға шектеу қойылады. IQanat High School of Burabay-да күніне 5 рет теңдестірілген және пайдалы тамақ беріледі, сонымен қатар жүйелі түрде спорттық іс-шаралар өткізіліп, атқа міну үйретіледі. Сондай-ақ жергілікті жерді бағдарлау дағдыларын игеру мақсатымен жорықтар ұйымдастырылатын болады. Барлық оқушыға мәтінді қолмен теру қызметі бар ноутбук-трансформерлер беріледі. Мектеп бағдарламасы Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін оқытумен толықтырылған. Ерекше оқу бағдарламасына атақты фин білім беру жүйесінің элементтері енгізілген. Оқушылар оқу барысында жетекші шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін жоғары сапалы дайындықтан өтеді.
IQanat High School of Burabay сыныптары заманауи жабдықтармен жабдықталған, физика, химия және биология пәндері бойынша кеңейтілген зертханалары бар. Мектепте FabLab шеберханасы, дәріс залы, асхана, кітапхана, көпфункционалды спорт залы, медициналық бөлімше және әкімшілік-сауықтыру аймағы бар.