Шымкент Наурызды қалай атап өтуде: жаңа ипподром және 100 млн теңгелік жүлде қоры бөлінген Great Qazaq Games

Көктемгі Наурыз мейрамы
қарсаңында Шымкенттегі Бозарық ауданында жаңа ипподромның ресми ашылуы өтті. Іс-шара
ауқымды Great Qazaq Games ұлттық ойындарына ұласты.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйледі:
Бүгін ел игілігіне тапсырылып
отырған жаңа ипподром қаламызда ғана емес, еліміздің ат спорты индустриясының
дамуына жол ашады деп нық сеніммен айта аламыз. Осы орайда жаңа ипподромды қаламызға сый ретінде тарту
еткен BI Group компаниясына Шымкент
тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз.
Ипподромның
артықшылықтары ретінде:
- 39 га жерді алып жатқан
кең аумақты;
- аттар мен
шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған
ұзындығы 2012 метрге созылған ат жарыс жолын;
- 54 жылқыға арналған ат
қора мен жазғы үй, киім ауыстыратын және ат спорты алаңы бар манеж, атпен
қарғып өтетін және көкпар алаңдары, жылқыларды серуендетуге арналған 6 шалғын
жер, ветеринарлық бөлімшені;
- ашық террасасы бар 1500
көрерменге арналған трибунаны;
- 340 көлікке арналған
көлік тұрағы, қосалқы үй-жайлар мен 6 мыңнан астам егілген ағашты;
- кварц құмымен
толтырылған алаңқайлар, табиғи тастар қойылған жеке жасыл аймақ, жас көшеттер
мен күркелерді атауға болады.
Нысанды BI
Group құрылыс компаниясы салды. 20 айда бой көтерген жаңа ипподром – Қазақстандағы ең үлкен
ипподром.
BI Group Директорлар
кеңесінің төрағасы Айдын
Рахымбаев:
Осы
өңірдің балаларына жақсы, заманауи жағдайда кедергілерді атпен қарғып өтумен
айналысуға мүмкіндік беретін бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін үлкен мәртебе
болды. Нысанды уақытында тапсыру үшін тәулік бойы жұмыс істеген құрылыс бригадасы қыруар жұмыс
атқарды. Компания уәде еткендей, біз бұл ипподромды Шымкент
қаласына сыйлық ретінде өз қаражатымызға салдық. Жаңа ипподромның салынуымен ат
спортының болашағы зор боларына сенімдімін!
Ата-аналар мен олимпиадалық резервтегі ат спорты мектебінің өкілдері де
компанияға жаңа ипподромда жаттығу жасауға мүмкіндік бергендері үшін, сондай-ақ
Шымкент пен Түркістан облысының командасын оқу-жаттығу жиындарына жіберуге
демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдірді. Осы қолдаудың арқасында спортшылар Қазақстан-2022
жаһандық туры аясында 7 жүлделі орынды және «Almaty Horse & Polo Club
кубогы» аясында 3 жүлделі орынды иеленді. Естеріңізге сала кетейік, қоғам
қайраткерлері мен спортшылар ескі ипподром инфрақұрылымының ескіруіне және
жарамсыздығына байланысты ат спорты үшін заманауи орын қажет екенін бірнеше рет
атап өткен болатын.
Ұлы Қазақ ойындары
Салтанатты шараның
алғашқы күнінде-ақ ипподром 4000-ға жуық адамды қызықтырған орталыққа айналды. Great Qazaq Games
ұлттық ойынына 17 облыс пен республикалық 3 ірі қаладан қонақтар қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан да спортшылары
келді.
Фестиваль 22 наурызға
дейін ұлттық спорт түрлері, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, ұлттық
шығармашылық секілді төрт номинация бойынша байқау форматында өтеді. Ойындардың
жүлде қоры 100 000 000 теңгені құрайды.
Іс-шара барысында барлық
келген қонақтар үшін ипподром жанынан сауда алаңдары, ұлттық тағамдары бар
мекемелер, әртістер мен сәнгерлерге арналған сахналар, балалар мен ересектерге
арналған ойын-сауық алаңдары, сондай-ақ шеберлік сағаттары, қолөнершілердің
көрмелері мен жәрмеңке өткізілетін 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл
ашылды.
Great Qazaq Games бірегей
жобасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Шымкент
қаласы әкімдігі мен құрылыс компаниясының қолдауымен жүзеге асты.