Шымкентте BI Group компаниясының жаңа сату бөлімі ашылды

Өткен демалыс күндері Шымкентте BI Group құрылыс салушы инновациялық
холдингінің жаңа сату бөлімі ашылды. Ол қаланың ескі орталығындағы мұз сарайы,
Rixos қонақүйі, Абай ат. саябақтар мен көптеген дүкен, дәмханаға жақын тіршілік
қайнап жатқан жерде орналасқан.
Жаңа кеңсе оңтүстік мегаполистегі жобалардың кеңейіп, ұлғаюымен байланысты
ашылып отыр. Холдинг Шымкентте жалпы ауданы 156 мың шаршы метрден асатын
Tamerlan Residence, Dendropark, Tumar Apartments, Al-Farabi секілді төрт тұрғын
үй кешенін салып, пайдалануға берді. Қазіргі уақытта компанияның бұл қаладағы
қоржынында 12 жоба бар. Биыл 7 жоба тапсырылады деп күтілуде.
BI Group компаниясы 2019 жылдың мамыр айында тұрғындар саны миллионнан асатын
қала нарығына шыққанын естеріңізге сала кетейік. Аз уақыттың ішінде компанияның
Шымкенттегі тұрғын үй кешендері қаланың сәулеттік келбетін өзгертіп, жайлы
тұрғын үй салудың үлгісіне айналды.
«Біздің командамыз жоғары сапалы, заманауи қызметтер ұсынып, келушілердің
сұранысын қуана қанағаттандырып, оларды бақытты етеді! Біз Шымкенттің
өсіп-өркендеуін, бұдан да әдемі, технологиялық тұрғыдан жаңашыл болғанын
қалаймыз. Клиенттеріміз де бізге жоспарларымыз бен идеяларымыздың жүзеге асуына
көмектеседі. Қош келдіңіздер!» – деп, Шымкент қ. Сату департаментінің директоры
Мадияр Ибраимханов құттықтау сөз сөйледі.
Компания жаңа сату бөлімінің ашылуына орай тұтынушыларға:
- пәтерлерге - 10%-ға дейін
- кеңселерге - 10%-ға дейін
- boxroom-дарға - 80%-ға дейін
- көлік тұрақтарына - 15%-ға дейін
көктемгі жеңілдіктер ұсынады.
Tumar Apartments, Dendropark, Атамұра, Arman Qala тұрғын үй кешендері мен
бигвилльдерінен пәтерлер мен үй-жайлар сатып алуға болады.
Осы және басқа да тұрғын үй кешендеріне нарықта 18 жылдан бері кәсібилік
қырынан танылған, бүкіл еліміз бойынша 5,9 миллион ш.м. астам тұрғын үйге
қызмет көрсеткен BI Service басқарушы компаниясы қызмет көрсетеді. 80 мыңнан
астам қазақстандық оның клиенттері болып табылады.
BI Group шымкенттіктер үшін Бақыт министрлігінің қызметтерін енгізіп
үлгерді, оның басты мақсаты – тұрғындардың ынтымағы мен тату-тәтті көрші болуды
дамытуға бағытталған демалыс пен ойын-сауық шараларын ұйымдастыру.
BI Group-тың сату бөлімдері, соның ішінде Шымкенттегі жаңадан ашылғаны кез
келген ыңғайлы форматта баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
клиенттер енді 15 минут ішінде блокчейн жүйесі арқылы мәміле жасап, сату-сатып
алу келісіміне қол қоя алады.
Бұдан басқа, дәстүрлі форматты қалайтын сатып алушылар да бар. Бүгіннен
бастап олар сату бөлімінде ипотека ресімдеуге өтініш жазып, BI Arleu және
Connected Home тарапынан негізгі әрлеу қызметтеріне тапсырыс бере болады.
BI Group 27 жыл ішінде 300 000-нан астам отбасыны баспанамен қамтыған
сенімді құрылыс компаниясы ретінде беделге ие болды. Бүгінгі таңда Холдинг 6
млн шаршы метрден астам тұрғын үй сатып, жүздеген әлеуметтік, коммерциялық,
өнеркәсіптік және мұнай-газ инфрақұрылымы нысандарын салды.
Егер сіздердің де BI Group үй тұрғындарының үлкен отбасына қосылғыларыңыз
келсе, Желтоқсан, 28 мекенжайында орналасқан жаңа сату бөліміне келіп,
компанияның жылжымайтын мүліктері туралы бәрін білулеріңізге болады. Жұмыс күн
сайын, жұмыс күндері сағат 9-дан 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10-нан
18.00-ге дейін үзіліссіз жүргізіледі. Бірінші сату бөлімі Бәйтереков көшесі,
100/3 мекенжайында жұмыс істейтіндігін естеріңізге сала кетейік.
Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram
желісіндегі @bi.group.shymkent парақшасынан және компанияның https://bi.group/ru/
ресми сайтынан ала аласыздар. BIG App қосымшасы арқылы сатып алуды ресімдеп,
Үлестік қатысу шартына онлайн режімде қол қоюға болады.