Александр Климчук - BI Group-тың "жасыл" қызметі туралы

        12 қыркүйек 2023

        Аулаларды көгалдандыру - қиын, әрі қажырлы еңбекті талап етеді. Бұл жұмыспен кәсіби дендрологтар айналысады. Компанияның бас дендрологы Александр Климчук 

        Астананың қатал климатында қандай көшеттер тамыр жаяды, оларға қалай дұрыс күтім жасау керек және BI Group ағаш отырғызуға қанша қаражат жұмсайтыны жайында баяндайды. 


        Александр, ең алдымен,  оқырмандарымызға дендрологтың кім екеніндігін толығырақ айтсаңыз?


        Дендролог - жалпы ағаш өсімдіктерін, олардың таралу аймағын, қолайлы өсу жағдайы мен түрлерін зерттейтін маман. Бұл сөз "дендрос" — ағаш, "логос" — ғылым туындыларынан шыққан.


        BI Group - қа қалай келдіңіз?


        2001 жылы университетті "Биолог" мамандығы бойынша бітірдім. Қорытынды емтиханда мені Жезқазған қаласының Ботаникалық бағының өкілдері жұмысқа шақырды. Мен келісімімді беріп, онда 17 жыл жұмыс істедім. Жұмыс барысында магистратураны бітіріп, жақын шетелде біліктілікті арттыру бойынша бірқатар тағылымдамадан өттім. 


        2017 жылы жұбайым екеуміз Жезқазғаннан Астанаға көшіп келдік, өйткені елордада BI Group компаниясы салып жатқан Ботаникалық бақ ашылмақ еді. Алматыдағы кураторларымыздың шақыруы бойынша біз жаңа бақты құруға қатысуға келдік. Жаңа жерге қоныстандық, бірақ бюджеттік қаржыландырудың болмауына байланысты бақтың ашылуы ұзаққа созылды. Содан кейін мен өз түйіндемемді Headhunter-ге орналастырдым, мені BI Group-қа шақырды. Сұхбатқа келіп, компания қызметкері атандым. 


        Біздің компанияда қанша дендролог бар?


        Қазіргі уақытта бізде 6 дендролог бар, мен топты басқарамын. Үшеуі Астанада, біреуі Алматыда және біреуі Шымкентте жұмыс істейді.


        Компания ағаш отырғызуға қанша қаражат жұмсайды?


        Компанияға жұмысқа орналасқан 2018 жылы бір жобаға 15-20 млн. теңге жұмсалатын, қазір бұл көрсеткіш 40-тан 60 млн-ға дейін өсті. BI Development компаниясы жыл сайын өз жобаларын көгалдандыруға 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсайды. Астанадағы бәсекелестер арасында ешкім көгалдандырумен айналыспайды. Қазір бізде құрылыс алаңының кемінде 30%-ы көгалдандыруға беріледі.


        Көшеттерді отырғызуға қанша уақыт кетеді?


        Жобаны көгалдандыру үшін бізге бір ай қажет, бірақ, бұл ағаштардың қалыптасып кетуіне кем дегенде үш жыл бойы арнайы күтім талап етіледі. Біз бағбандарды жалдаймыз, оларды басқарамыз, қалай күтім жасау керектігін көрсетеміз, үйретеміз. Осы тәсілдің арқасында 2020 жылдан бастап объектілердегі жасыл-желектердің өмір сүру деңгейі 50-ден 90% - ға дейін жоғарылады.


        Біздің BI Green акциясы туралы айтып беріңізші. 


        BI Green - бұл клиенттерімізбен бірге өткізетін экологиялық науқан. Оны көктемде және күзде өткіземіз. Оған компания жылына 150-200 миллион теңге бөледі. Бұл ретте, біздің тұрғын үй кешендеріміздің аумақтарын ғана емес, сондай-ақ қалалық аумақтарды да көгалдандырамыз. Бес жыл ішінде акция Астанада 15-20-дан астам саябақ мен 5 ірі көшеде жасыл-желек отырғызды.


        Сіз өсімдіктердің ұласып өсуі туралы айттыңыз. Бұл Астананың климаттық және топырақ ерекшеліктерімен байланысты ма?


        Иә, Астанада күрт континенттік климат және әртүрлі топырақ түрлері бар. Егер сол жағалауда сортаң жер басым болса, оң жағалауда – талшынды топырақ. Климаттық жағдайлар өте қатал: қысы суық, жазы ыстық, ауа ылғалдылығы төмен, хлорид, сульфаттармен қатты тұздалған жер асты суларының жоғары деңгейі, сондай-ақ ауыр металдардың жоғары мөлшері.


        Мұның бәрі ағаш өсімдіктерінің өмір сүруі үшін агрессивті ортаны қалыптастырады. Оны нивелирлеу үшін біз өсімдіктердің жаңа түрлері мен олардың ұласып өмір сүру жолдарын мұқият зерттеп, таңдаймыз. Біздің барлық әзірлемелеріміз компаниямыздың көгалдандыру стандарттарына енгізіледі.


        Отырғызу кезінде қандай ағаш түрлері жиі кездеседі?


        Біз қарапайым ағаш түрлеріне басымдық береміз. Қылқан жапырақты өсімдіктердің ішінде - қарапайым қарағай және сібір шыршасы. Жапырақтылар арасында - қарағаш, үйеңкі, терек, тал, шаған ағаштарының әртүрлі сорттары.

        Бізде екпелердің экологиялық топтарын құру үшін ағаш өсімдіктерінің 12 түрі мен бұталардың 18 түрі бар ассортимент әзірленген. 

        Сатып алу кезінде жергілікті тәлімбақтарға басымдық беріледі, өйткені Алматыны көгалдандыратын оңтүстіктегі өсімдіктер Астананың климатына сәйкес келмейтіні айдан анық. 


        Егер тұрғындар ағаш отырғызуды қаласа, сіз оларға қандай кеңес бересіз?


        Біріншіден, біз отырғызу материалының сапасына назар аударамыз. Яғни, ағаш діңі зиянкес-аурулар, механикалық зақымданулардан таза болғаны, сондай-ақ ағаштың басы симметриялы дамығаны жөн. Жердің тамыр кесегі целлофанға немесе скотчқа емес, қалта қапшығына оралған болуы керек. 

        Дұрыс отырғызу да маңызды. Шұңқыр диаметрі бойынша ағаш тамырының енінен 2 есе үлкен болуы керек.


        Тамыр жүйесінің қайталама тұздануы болмас және өсу кезінде су тоқтап қалмас үшін шұңқыр түбіне дренаж қабатын салуды ұмытпаңыз. Әрине, жер жақсы нығыздалуы  керек.

        Сондай-ақ, уақтылы суаруды және жылына үш рет минералды тыңайтқыштармен ұрықтандыруды қамтамасыз ету керек.


        Ағаш екпелері микроклиматқа қалай әсер етеді?


        Ағаштарда шуды азайту, ылғалдылықты арттыру, температураны төмендету сияқты функциялар бар. Олар сондай-ақ шаң мен атмосфераның ұсақ бөлшектерін ұстайды. Қылқан жапырақты өсімдіктер фитонцидтерді, яғни айналасындағы ауаны дезинфекциялайтын заттарды шығарады.


        Құрылыс ауданында ағаштарды қорғау бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізілуде ме?


        Шынында да, құрылыс кезінде жақын маңда отырғызылған ағаштар зардап шегеді. Біздің компания мұның бәрін ескереді және құрылыс кезеңінде алаңда өсетін екпелерді қорғаумен айналысады. Яғни, біз ағаштарды шаңнан жуамыз, оларды суарамыз, ағаш түбінің шеңберін уақтылы қопсытамыз. Сондай-ақ, егер құрылыс учаскесінде бізде екпелер болса, біз оларды әкімдіктің келісімімен міндетті түрде трансплантациялаймыз және содан кейін 3 жыл күтім жасаймыз.


        Танымды және қызықты әңгімеңіз үшін рахмет.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.