BI Group компаниясының тұрғын үй кешендерін сумен қамту бойынша ресми хабарламасы

        25 мамыр 2023

        Құрметті тұрғындар!

        Ең алдымен, біздің компанияны таңдағандарыңыз үшін, сондай-ақ сумен қамту бойынша орын алған жағдайға түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз.

        Ағымдағы 2023 жылы Астана қалалық су құбыры арқылы берілетін ауыз судың тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келді. Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылғы 28 наурызда "Астана Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әріқарай - АСА) ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы туралы ресми түрде хабарлады. Осыған байланысты АСА қысымды реттеу шараларын енгізіп, су беру кестесін белгіледі. 2023 жылғы 22 мамыр АСА МКК тағы бір ресми мәлімдеме жасады – суару маусымының басталуына байланысты сумен жабдықтау жүйесіне қосымша жүктеме түсуде, бұл бүкіл қаладағы тұрғын үй кешендеріне су беруге де әсер етті.

        Сондықтан атап өту керек - бұл мәселе тек BI Group тұрғын үй кешендеріне ғана қатысты емес, сумен жабдықтау проблемалары қаланың сол және оң жағалауында, жаңа және ескі үйлерде, барлық құрылыс компанияларының кешендерінде орын алып жатыр. Біз судың жетіспеушілігі тұрғындарға үлкен қолайсыздықтар туғызатынын түсінеміз, сіздермен қатар біз де, біздің отбасыларымыздың мүшелері де дәл осы мәселеге тап болдық.

        Тұрғындарға қамқор болуды басты мақсат етіп қойып, барлық жағдайларға қарамастан, BI Service қызметкерлері біздің үйлеріміздің тұрғындары су тапшылығын мүмкіндігінше аз сезінуі үшін қосымша шаралар қабылдауда. Мәселен, суды автоцистерналармен үнемі әкеліп жатырмыз. Одан бөлек, біздің инженерлеріміз инженерлік-желілік жабдықтың жай-күйін мұқият бақылауды жалғастыруда, BI Service қаражаты есебінен автономды байланыс және қосымша сорғылар орнатылуда. Қызметкерлер қалалық желілерде су беру қысымының төмендеуі тіркелген жағдайда тұрғындарды хабардар етуде. Үйлердің менеджерлері қажет болған жағдайда бастамашыл топтарға тұрғын үйлердің техникалық үй-жайларына (сорғы бөлмесіне) барып, жабдықтарды тексеруді ұсынады.

        Ерекше атап өтетін жайт, біздің барлық жобаларымыз құрылысы басталғанға дейін қалалық инженерлік желілерге қосылуға қажетті рұқсаттамалар мен техникалық шарттарға ие болады – онсыз бірде-бір тұрғын үй мемлекеттік сараптамадан өтпейді.

        Естеріңізге сала кетейік, біздің сервистік қызметіміз тұрғын үй кешендерін басқарудың барлық бағыттарын қамтиды. Сіз өтінімдеріңізді кез келген уақытта BIGApp қосымшасы арқылы тіркей аласыз, біз оларды назардан тыс қалдырмаймыз. Алайда, қалалық қызметтердің құзыретіндегі мәселелерді шешу біздің қолымызда емес.

        Бұл хат сумен қамтамасыз ету мәселесіне анықтама берді деп үміттенеміз және қала әкімдігі осы жазда сумен жабдықтау мәселелерін шешуге тиіс жаңа сорғы-сүзгі станциясын іске қосуды жоспарлап отырғанын еске салғымыз келеді.

         

        Құрметпен, BI Group

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.