Қарағандының енді өз Арбаты болады

        21 сәуір 2025
        Арбат.jpg

        BI Group құрылыс холдингі Қарағанды саябақтар басқармасымен парк территориясына тиіп тұрған орталық парк ауданында 2 гектар жер телімін қалаға өткізетіні туралы меморандум қабылдады. Осылайша девелопер Prime Park тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша өткізілген қоғамдық тыңдалымда берген сөзінде тұрды.

        Бұл құжат екі жақтың міндеттерін анықтап, жобаның әлеуметтік маңызын көрсетті. Жерді өткізу тұрғындардың мүддесіне сай саябақ территориясын ұлғайтып, оған апаратын променад жолды үйлестіруге мүмкіндік береді.

        2024 жылы BI Group жеке тұлғадан 5 гектар аумақты сатып алды. 10 жылдан астам уақыт бұл аумақ қараусыз қалып, пайдаланылмаған: мұнда құрылысы аяқталмаған және ескі ғимараттар болған, жарықтандыру, инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру мүлдем болмаған. Жоспарланған мақсатына сәйкес, бұл жер телімі көпқабатты тұрғын үй кешені, коммерциялық орындары бар ғимараттар, қонақ үй кешені, кеңсе ғимараттары және саябақ аймағын салуға арналған болатын.

        «Жалпы 5 гектар аумақтың 2 гектарын біз қалаға тегін, нарықтық құны 1,5 млрд теңге болатын жерді сыйға тарттық. Бұл аймақты өз қаражатымыздың есебінен абаттандырамыз: құны 30 млн теңге болатын заманауи және экологиялық кіші архитектуралық формалар орнатамыз, сондай-ақ парктегі уоркаут алаңдарын қайта жасаймыз. Кешеннің шамамен 1 гектары көгалдандырылады. Біздің мақсатымыз – қалалық ортаны жақсарту, өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға және спортпен айналысуға ыңғайлы кеңістік құру», – деп атап өтті BI Group өкілі Қуаныш Айтжанов.

        Қалаға берілген жерлер абаттандырылады, соның ішінде көлге қарай апаратын жаяу жүргіншілер аллеясы болатын променад жасалады. Ол жаңа жаяу жүргіншілер бағытына айналып, Орталық саябаққа кіретін орындардың бірі болады және бұрын қалада болмаған өзіндік Арбатына айналмақ. Бұл кеңістік баршаға қолжетімді, сапалы инфрақұрылыммен жабдықталады. Аймақта орналасқан көл құрылыс алаңынан алшақ орналасқан және оған кері әсері жоқ.

        Жоба жүзеге асқаннан кейін қала тұрғындары үшін жаңа тартымды орынға айналады деп күтілуде.

        Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
        Telegram арқылы жазсаңыздар болады
        Сайттың сапасын бағалаңыз
        немесе қателері туралы айтыңыз
        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.