Талғат Қожахметов: Сандық технологиялар құрылыстағы әкімшілік және жемқорлық кедергілерді жоюға көмектеседі

        25 шілде 2020

        Елордада Нұр-сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау өтіп жатыр. Бүгін кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Естеріңізге салсақ, ол 7 шілдеде басталып, бір апта ішінде 50-ден астам өтінім жинады. Қазіргі құрам мүшелері де, онда ешқашан болмаған адамдар да ниет білдірушілердің қатарында. Әйелдер мен жас бизнесмендер үлкен белсенділік танытуда. Үміткерлердің орташа жасы – 45 жас.

        BI Group компаниясынан Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне Басқарма Төрағасының бизнес қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Талғат Қожахметов сайлауға түспек. Ол дағдарыстан сүрінбей өтіп,  өзгермелі нарықтық кезеңде өсіп келе жатқан бәсекелестікке қалай төтеп беруге болатынын білетін  құрылыс холдингінің тәжірибелі ойыншыларының бірі. Компания тарихында алғаш рет EPC-мен келісім-шарт жасасқан кезде ол BI Group Engineering тізгінін ұстаған. Көптеген жылдар бойы халықаралық алыптармен әріптестік орнатып келеді.

        Холдингте 15 жылдан бері еңбек етуде. Әр жылдары жол, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс саласында болып, аса күрделі стратегиялық жобаларды, соның ішінде мұнай-газ жобаларын іске асыруда аянбай тер төкті. Бетон өндіру зауытының директорынан бастап компания басшысына дейін көтерілді. Үйленген, үш баланың әкесі. Хоккеймен айналысып, кітап оқығанды ұнатады.

        Оның үгіт-насихат науқаны – бұл, ең алдымен, жеке бизнестің мүдделерін қорғау. Талғат Қожахметов құрылысшы мамандығына өз өмірінің басым бөлігін арнап, осы саладағы кемшіліктерді бірнеше рет көтерді. Олардың негізгілері – заңнаманың жетілмегендігі, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілері, мамандардың жеткіліксіз дайындығы, күрделі құрылысқа инвестициялардың азаюы, салынып жатқан нысандардың сапасы мен сенімділігін бақылайтын жүйедегі тиімділіктің төмендеуі. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу өте маңызды. Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында  елдің және елорданың құрылыс өнеркәсібін дамыту бойынша өз ұсыныстарын егжей-тегжейлі баяндады.

        Айта кетейік, 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат науқаны басталады. Онлайн-режимде дауыс беру 20-22 шілде аралығында vote.atameken.kz сайтында өтеді. Оған тек тіркелген кәсіпкерлік субъектілер ғана қатыса алады. 

        Анықтама: Талғат Тимкенұлы Қожахметов 1965 жылы 29 шілдеде Ресей Федерациясының Омбы облысында дүниеге келген. Омбы мемлекеттік аграрлық университетін "Экономика және салалардағы басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясында «Іскерлік әкімшілік» магистрі дәрежесін алған. Оның IPMA level A., Certificate EY Academy of Business, Project management nach der IPMA, "BI Group Construction" LLP сертификаттары бар. "Құрмет "орденімен марапатталған. " МИРБИС " Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебінің" (Институт) бизнес-білім берудегі құрметті серіктесі болып табылады.

        2005 - "АБК-Бетон" ЖШС директоры.

        2007 - "Билд Инвестменс групп"АҚ Басқарма орынбасары.

        2010 - "Казахдорстрой"жол дивизионының Щучинскі филиалының директоры.

        2011 - "Казахдорстрой" ЖШС Басқарма Төрағасы.

        2014 - "BI Group-Construction" ЖШС Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

        2015 - "BI Group-Construction" ЖШС Басқарма Төрағасы.

        2017 - BI Group Engineering Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

        2018 жылдың қазан айынан бастап - холдингтің Басқарма Төрағасының бизнес қызмет көрсету жөніндегі орынбасары.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.