Елордадағы ТОП-5 жаңа салынып жатқан кешендер

        19 сәуір 2021

        Жылжымайтын мүлік нарығында көптеген ұсыныс бар. Бірақ өзіңізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Сізге шешім қабылдауға көмектесу үшін 5 нысанда өткен ашық есік күндеріне қатыстық.

        Nexpo

        Тұрғын үй кешені ең ірі Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығына өте жақын жерде орналасқан. Сонымен қатар жақын жерде қаланың медициналық мекемелері орналасқан және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт салынып жатыр. Аудан жаңа болғанымен, іс жүзінде мұнда инфрақұрылым дайын десе де болады, өйткені аудан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі үшін жасалған. Аумағында әртүрлі қаржылық, ІТ-компаниялардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңселері орналасқан.

        Қазір ғимарат монолиті 9-қабатқа дейін көтерілді. Қабырғалары 5-7 қабат деңгейінде қаланды. 1-3 кезекті аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланып отыр. 1-4 кезек 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған.

        BI City Tokyo

        Тұрғын үй кешені келесі айда тапсырылады. Ашық есік күніне қатысқан клиенттер жұмыстың жақсы орындалғанына сенімді болды. Нысан 86 %-ға аяқталған. Үйдің сыртқын бетін орнату және әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үй GreenLine аумақты кешенді игеру (АКИ) ауданында орналасқан, ол Нұржол бульварының жалғасы болады.

        Headliner 

        Бұл кешен де GreenLine АКИ аумағында орналасқан. Жолдың арғы жағында қала тұрғындары мен елорда қонақтарына танымал «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы орналасқан. Қазіргі уақытта монолит жұмыстары 11-12 қабат деңгейінде жүргізіліп жатыр. Сыртқы және ішкі қабырғалары газоблокпен қаланып жатыр. Кілттерді табыстау ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған.

        FreeDom

        Бұл да GreenLine АКИ аумағында орналасқан тағы бір нысан, оның бірінші кезегі жақын арада пайдалануға беріледі. Кешен жанында жаңа мектеп салынып жатыр, ол мектепте білім берудің ең үздік әлемдік тәжірибелері қолданылатын болады. Білім ошағы осы күзде есігін айқара ашады деп күтіліп отыр. Green Mall сауда орталығы да жақын жерде орналасқан. Мұнда елдегі ең үлкен спортзалы бар Invictus фитнес-клубы жұмыс істейді. Жақында балалар фитнес-клубы, мейрамханалар галереясы ашылады, ал бес залдан тұратын кинотеатр қазіргі таңда дайын десе де болады.

        Астана жүрегі (Сердце столицы)

        Кешен елорданың орталық даңғылдарының бірінде, «Барыс Арена» мұз сарайы, «Анвар» және «Magnum» гипермаркеттері, республикалық медициналық мекемелердің жанында орналасқан. Үйді ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

        Осы жобалар мен басқа да тұрғын үй кешендері туралы толық ақпаратты BI Group сату бөлімдерінен немесе 360 телефонына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.