Trade in: ескі пәтерді жаңасына айырбаста!

Trade in: ескі пәтерді жаңасына айырбаста!
Осы жылдың 18 маусымынан бастап BI Group клиенттерге жаңа Trade in қызметін көрсетуде. Бұл туралы Қайта сату бөлімінің жетекшісі Айшат Таспаева айтып берді.
Бағдарламаға қатысу үшін сіздің үйіңіз төмендегі шарттарға сай болуы керек:
1. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан және 2000 жылдан ерте салынбаған.
2. Үй орталық коммуникацияларға қосылған және күрделі жөндеуді талап етпеуі керек.
3. Бағдарламаға жеке үйлер, кеңселер, паркингтер қатыспайды – тек абаттандырылған пәтерлер.
4. Сатуға арналған құжаттары дайын болуы керек.
Егер үйді өзіңіз сатып, сол ақшаға жаңасын сатып алуға болатын болса, бұл Trade in-нің пайдасы не?
– Егер өзіңіз сатсаңыз, жаңа үйдің бағасы қымбаттауына немесе сіз ұнатқан пәтер сатылып кетпесіне кім кепіл?! Біздің жағдайда баға тіркеледі және пәтер клиент үшін 3 ай мерзімге броньға қойылады. Осы уақыт ішінде біз клиентке серіктес риэлторлармен, Крыша.kz сайты арқылы үйді сатуға көмектесеміз. Оған қоса біз дербес жеңілдік бере аламыз», – дейді Айшат Таспаева.
Алайда, ескі үй уақытында сатылмаса, шарт бұзылады.
Бұл бағдарламаға 4 клиент өтінім берді, бірақ әзірге бір клиентпен шарт жасалды, ол «Еуразия» ауданындағы пәтерін сатып, «Арнау» тұрғын үй кешеніне көшкісі келеді.
«Бір клиентке "Мәңгілік 2" ТК-нен үш бөлмелі пәтер ұнамады. Екіншісі, «Красная деревна» тұрғыны Panorama Park-тан пәтер алуды ойлап отыр. Тағы бір клиент пәтерін нарықтық бағамен сатқысы келмейді, қымбат баға қоюда, ал біз 3 айдан астам күте алмаймыз, себебі ол мұндай бағамен сата алмайтынын білеміз, – дейді Айшат.
Толығырақ Сату орталықтарынан біле аласыз: 360-360.