Үш қатысушы «Қазақстанның лайықты азаматы» конкурсының жеңімпазы атанып, BI Group-тан пәтер иеленді

15 тамыз 2025
Холдинг

BI Group «Қазақстанның лайықты азаматы» республикалық конкурсының жеңімпаздарына пәтер кілттерін табыстады. Тәуелсіз қазылар алқасының және 20 шілде мен 5 тамыз аралығында өткен онлайн дауыс беруге қатысқан он мыңдаған қазақстандықтардың шешімімен 10 финалистің ішінен үш жеңімпаз іріктелді. 

2025 жылғы жобаның жеңімпаздары:

Қайрат Сабиров - еліміздегі тұңғыш балаларға арналған парахоккей секциясының негізін қалаушы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға мұз айдынына шығып, өз күшіне сенуге жігер берген тұлға;

Айжан Каркенова – қиын жағдайға тап болған, нәрестелі әйелдерге уақытша баспана мен қолдау көрсететін «Ты не одна» жобасының авторларының бірі;

Гүлназ Космурзиева – «Biz de adambyz» қорының негізін қалаушы және Атыраудағы алғашқы инклюзивті «Талшын» театрының бастамашысы, онда ерекше қажеттіліктері бар адамдар сахнада өнерлерін көрсете алады.

Үш финалист BI Group рекордты 45 күннің ішінде салған Астананың сол жағалауындағы SPACE тұрғын үй кешенінен бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерді иеленді. Үйлер әрленген күйде табысталды, бірден көшіп келуге дайын.

Конкурс туралы

«Қазақстанның лайықты азаматы» 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Жобаның мақсаты – қазақ қоғамының дамуына үлес қосып жүрген белсенді және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары адамдарды қолдау. 2025 жылы бұл жоба BI Group-тың мерейтойлық «30 игі іс» бағдарламасына енді.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.