Tumar Apartments тұрғын үй кешенінде алғаш рет қоныс тойы тойланды

Жаңа жыл Шымкенттегі Tumar Apartments тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін
алған 238 отбасы үшін қос мерекеге айналды.
Кешен Шымкент қаласының басты «інжу-маржаны» -
дендропарктің жанында орналасқан. Жобаның эстетикалық және жергілікті
артықшылықтары бары сөзсіз. Үй маңында балабақшалар, мектептер, хайуанаттар
бағы, «Наурыз» алаңы, «Тұлпар» көлі, «Қазына» этно-тарихи кешені, Nauryz Park
СОО мен Grand Park Shymkent сауда үйі бар.
«Басты артықшылық – жақын жерде саябақтың болуы, бұл
тек үйдің беделін артып қана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа да өз пайдасын
тигізеді. Мен жас анамын және енді баламен бірге далаға шығып, таза ауадан
ләззат алатыныма өте қуаныштымын», – дейді Сания, Tumar Apartments тұрғын үй
кешенінің тұрғыны.
Кешен Grand Park бигвиллі аумағына кіреді және «комфорт
пен комфорт+» санаттарындағы 3 кезектен тұрады.
Жоба ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: барбекю алаңы
бар абаттандырылған аула, жабық және велосипед тұрағы, үйге аула мен көшеден
кіруге мүмкіндік беретін кіреберістер.
Аула аумағын көгалдандыру үшін арнайы өз сарайларының
бағын түрлі жасыл желектермен безендіретін әйгілі түрік тәлімбағының ағаштары пайдаланылды.
Шымкент үшін бірегей болып табылатын түрлер: суланж магнолиясы, бонсай
қарағайы, хупси шыршасы, канадалық қызыл үйеңкі, алтын бозарша, вавилондық
талдар және басқалар отырғызылды.
Сонымен қатар, бұл оңтүстік мегаполистегі бірінші және
соңғы қабаттарында террассалары бар алғашқы тұрғын үй кешені.
Кешен халықтың ерекше топтарының қажеттіліктерін
ескере отырып іске асырылып отыр, балалар мен мүгедектер арбаларының оңай өтуі
үшін кедергісіз кеңістіктер құрылған.
Айта кету керек, тұрғын үй кешеннің бірінші қабаттарында
витражды әйнекпен, биік төбелермен, еркін жоспарлауға болатын коммерциялық
бизнес бөлмелер бар.
Үш метрлік төбелер мен дизайнерлік есіктері бар
пәтерлер жақсартылған қара әрлеуде ұсынылған.
BI Group компаниясы құрылыста белсенді қолданатын «ақылды»
технологиялардың арқасында пәтерлерге төрт жолмен: саусақ ізі, код,
смарт-карта, механикалық кілтпен кіруге болады. IP домофониясы клиенттерге
күзетпен байланысуға, келушілермен сөйлесуге, ТҮК-тің бақылау камераларына қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Құрылыс салушы соққы шуының таралуын бөгейтін «қалқымалы
еден» және дыбыс сіңіретін пәтер аралық қалқа қолданылатын Аcoustic Pro
технологияларын пайдаланған.
Tumar Apartments тұрғын үй кешенін BI Service басқарушы
компаниясы басқарады. Ол өзінің кәсібилігін18 жыл ішінде нарықта танытып, бүкіл
ел бойынша 5,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсетіп келеді.
Шымкенттіктер үшін BI Group Бақыт министрлігінің
қызметтерін ұсынады, оның негізгі мақсаты - бос уақытты тиімді өткізу мен
тұрғындар арасындағы тату көршілікті дамытуға бағытталған ойын-сауық
іс-шараларын ұйымдастыру.
«Комфорт-плюс» санатындағы бірінші кезекте және «комфорт»
санатындағы екінші кезекте жалпы саны 504
пәтер ұсынылған.
Сатылымда бос пәтерлер әлі де бар. Толық ақпаратты 360
нөмері бойынша, инстаграмдағы @bi.group.shymkent ресми парақшасынан
немесе компанияның https://bi.group/ru/
сайтынан алуға болады. Сондай-ақ Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайы бойынша
орналасқан Шымкенттегі сату бөліміне баруға немесе пәтерді online-режимде сатып
алуды ресімдеуге және BIG App қосымшасында ДДҚ-ға қол қоюға болады.