Астанада «ақылды үйлер» 2019 жылы қолжетімді болады

        19 қараша 2018

        Астанада «ақылды үйлер» 2019 жылы қолжетімді болады

         Енді «Ақылды үй» құрылғыларын кез келген кластағы үйлерге орнатуға болады. «Ақылды үй" деп тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін, адамның араласуынсыз белгілі бір міндеттерді шеше алатын үй құрылғыларының жүйесі деп түсінген жөн.

        Оның көмегімен планшет арқылы пәтердегі температура, ылғалдылық, бейнебақылау, жарықтандыру реттегішін басқара аласыз. Қанша көлемде электр энергиясын, суды тұтынғанын бақылайсыз. Тағы бір артықшылығы – егер құбырдан су кетсе, тағы басқа төтенше жағдайларда сізге хабарлама келеді, ол автоматты түрде өшіріледі.

        BeinTech маманы Асқар Жамбакин:

        «BI Group клиенттері қазір коммуналдық төлем т.б төлеу үшін BI Clients мобильді қосымшасын қолданады. Қосымшаны одан әрі жетілдіріп, оған Smart home элементтерін қостық. Енді автомобиль нөмірін оған енгізсеңіз, шлагбаумды пультсіз-ақ аша аласыз».

        Бұдан басқа - сәлемдемелерге арналған тастаматтар бар (https://tastamat.kz). Енді курьерді күні бойы күту үшін жұмыстан сұранудың қажеті жоқ. Жаңа жылдық сыйлық немесе хат-хабарды осы арнайы құрылғыдан алуға болады. Үйіңіз енді жылы әрі жайлы болып қана қоймай, жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталады.

         Осының барлығы 2019 жылдың екінші жартысында BI Group-тың жаңа үйлерінде болмақ.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.