Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!
BI Group холдингі Қазақстанның құрылыс және тұрғын үй секторларының өзекті тақырыптары бойынша үздік журналистік материалдар байқауын жариялайды. Байқауға 2019 жылдың 1-23 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде отандық баспа, электрондық, интернет БАҚ-та жарияланған материалдар қабылданады.
Үміткерлер өтінімнің толтырылған формасын және өз жұмыстарын (жарияланған мақаланың скан-нұсқасын және/немесе аудио, бейне жазба материалдарын) press-service@bi электрондық мекенжайына жібере алады, сондай-ақ баспа және электронды тасығыштардағы материалдарды «БАҚ байқауына өтінім» тақырыбында көрсете отырып, 2019 жылдың 24 маусымына дейін мына мекенжайға жіберуге болады: 010000, Нұр-Сұлтан, Е 10 көшесі, 17М үй, 10 қабат, BI Group холдингінің PR департаменті.
Байқау бір турдан тұрады, онда байқау комиссиясы 4 номинация бойыша жеңімпаздарды анықтайды: «Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Үздік телевизиялық сюжет», «Интернет басылымдағы үздік материал», «Әлеуметтік желілердегі үздік материал». Шығармашылық жұмыстар кәсіби шеберлік, материалдардың өзектілігі, жанрға сәйкестігі, баяндаудың қолжетімділігі мен дұрыстығы, креативтілігі бойынша бағаланады.
Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың 30 маусымына дейін жарияланады. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтанда өтеді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтар алады.
Байқауға ұсынылатын электрондық БАҚ ақпараттық материалдарын басылым редакциясы (эфирлік анықтама немесе электрондық сілтеме) куәландыруы тиіс. Байқауға қатысуға жіберілетін материалдарға қойылатын талаптар:
1) баспа – газеттердің (журналдардың) түпнұсқалары түрінде;
2) ақпараттық агенттіктер – материалдың шығу (таралу) күні көрсетілген, редакцияның мөрімен расталған қағаз тасығышта болуы тиіс;
3) бейне-ролик – кері мекенжайы мен автор(лар) туралы ақпараты көрсетілген CD, AVI, MPEG4 форматындағы DVD сандық тасығыштарда болуы тиіс. Эфир анықтамасының немесе редакцияның ілеспе хатының болуы құпталады;
Көрсетілген шарттарды бұза отырып ұсынылған жұмыстар қаралмайды. Байқауға қатысу үшін түскен материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Байқау жеңімпаздары келесі критерийлер бойынша анықталады:
- ұсынылған жұмыстардың байқау тақырыбына сәйкестігі;
- жарияланымдардың сапасы (тұжырымның, сандардың, фактілердің дәлдігі);
- материалдың өзектілігі мен құндылығы.
МАҢЫЗДЫ: байқауға қатысу үшін байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кеш жарияланған материалдар қабылданбайды.
Қазылар алқасының құрамы:
Амангелді Омаров - BI Group холдингі басқармасының төрағасы
Гаухар Керимова - BI Group холдингінің PR директоры
Луиза Абашева - журналист
Виктор Пряников - журналист-редактор