Қазақстанда балаларға BI Group қолдауымен күрделі операциялар жасалады

10 қыркүйек 2025
Холдинг

Қазақстанда «BI-Жұлдызай» қорының әлеумеуметтік бастамасы жалғасуда. Оның арқасында күрделі диагнозы бар жүздеген балалар толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алады. Жоба аясында барлығы 300 тегін операция жүргізіледі.   

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев Аружан есімді қыздың жүрек тебірентер оқиғасымен бөлісті. Туғаннан ол толықтай жатып ұйықтай алмайтын және жартылай отырып қана қозғала алатын. Көпбалалы отбасында дүниеге келген, әкесі мектепте күзетші болып істейді, анасының жұмыс істейтін мүмкіндігі жоқ. Бұндай күрделі отаны ата-анасы төлей алмаған.

«Біздің BI Жұлдызай қорымыз шетелдік хирург шақыртты, ол өз кезегінде америкалық методикамен қыздың сүйегінің ішіне штифт орналастырды. Ол баламен қатар өседі. Енді Аружан 10 жылда тұңғыш рет жүріп, ойнай бастады және дәрігер болуды армандайды», - деп айтып берді Рахимбаев.

Аружанның өзі бұл отаның оның өмірін қалай өзгерткенін айтады.

«Мен аға-әпкелерім сияқты жүргім келеді. Басқа арманым жоқ. Олар маған көмектеседі, су, киім әкеліп береді. Оларды өте жақсы көремін», - деді қызымыз.

Анасы Арайлым Жексенбайдың айтуынша, жылдар бойы бүкіл отбасының қызының тағдыры үшін жүрегі қарс айырылып келеді.

«Қызым жылап, дәрігерге хабарласып, неге жүрмейтінімді сұрашы дейтін. Аружан тек отырып ұйықтайтын, аяғын тіке ұстай алмады, жамбасының екі жағы да бұрылған. Отадан кейін аяғы түзелді, көп жылдар ішінде бірінші рет арқасына жатып ұйықтады. Енді өзі жүреді, аға-әпкелерімен бірге ойнайды. «Жұлдызай» қоры бізбен хабарласып, Астанаға дәрігер шақыртқанда, біз отаның нақты бағасын да білмеген едік. Кейін бұндай бір штифт қою шамамен төрт миллион теңге тұратынын білдім, ал бізге екеуі керек еді. Біздің, әрине, ондай қаражатымыз жоқ», - деп айтып берді Арайлым.

Айдын Рахимбаевтың айтуынша, жоба аясында Қазақстанға Жапония, Қытай, Түркия, Израиль, Белорусь пен Ресейден 28 хирург шақыртылған. Олардың бәрі тек ота жасап қана қоймай, құнды тәжірибелерімен отандық дәрігерлермен бөліседі.

Барлығы қол-аяқтарының ақауы бар балаларға 219 ота, жүрек пен қан тамырларына 37 ота, аноректалдық даму ақаулары бар балаларға 44 ота жасалады деп жоспарлануда.

Жақында Ақтауда осы бастама аясындағы 200-ші ота өтті.

«Иә, бұндай процедураларға жүздеген миллион теңге жұмсалады, бірақ әр баланың денсаулығы құнды. Он екі жыл бұрын біз компания қызметкерлерінің балаларына көмектесуден бастағанбыз, ал енді жыл сайын бүкіл ел төңірегіндегі балаларды құтқарамыз», - деп атап өтті Айдын Рахимбаев.

Ол сондай-ақ бұл бағдарламаның бүкіл қазақстандық медицина үшін тәжірибе алмасатын мектепке айналғанын айтады.

«BI Group-тың мерейлі жылында біз 300 баланың тағдырын өзгерттік. 300 отбасының өмірі жеңілірек бола түсті. Игіліктеріңе жарасын, балалар. Үлкен болып ер жетіңдер, күліп-ойнап өмір сүріңдер. Әр басқан қадамдарың оң болсын, ал болашақтарың жарқын болсын», - деп тілегін жолдады Рахимбаев.  

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.