Шымкентте жаңа айналма жолдың құрылысы басталды

30 қыркүйек 2026
BI Construction & Engineering

Шымкентте жаңа айналма автокөлік жолы жобасының басталуына орай капсула орнату рәсімі өтті. Жаңа жол транзиттік және ауыр жүк көліктерінің қалаға кірмей өтуіне мүмкіндік береді. Жобаны «Казахдорстрой» және «АБК-Автодор» компанияларынан құрылған консорциум жүзеге асырады.

Шымкент қаласы Қытай - Орталық Азия және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан. Транзиттік көліктердің бір бөлігі қала арқылы өтетіндіктен, көшелер мен негізгі кіреберіс жолдарға түсетін жүктеме артуда.

Жаңа айналма жол транзиттік көліктердің Шымкентке кірмей, кедергісіз жүруіне жағдай жасайды. Соның нәтижесінде қала көшелеріндегі көлік қозғалысы жеңілдеп, еліміздің оңтүстігіндегі негізгі көлік бағыттары арасындағы қатынас жақсарады.

«Айналма жол тек Шымкент үшін ғана қажет емес. Бұл - бүкіл оңтүстік өңірдің көлік инфрақұрылымындағы маңызды жоба. Жаңа бағыт логистика, өндіріс және жол бойындағы қызмет көрсету салаларын дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Мердігер ретіндегі біздің міндетіміз - осы күрделі инфрақұрылымдық жобаны толық көлемде жүзеге асыру», - деді жоба жетекшісі Қуаныш Әлмұхамбетов.

Жоба EPC (Engineering, Procurement and Construction) келісімшарты аясында жүзеге асырылады. Яғни, нысанды толық дайын күйінде тапсыру. Мердігер жобалауға, қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге және дайын нысанды тапсырыс берушіге өткізуге толық жауапты.

Жобаның жүзеге асуы осы жолға іргелес аймақтардың дамуына да серпін береді. Жаңа бағыт бойында логистикалық және өндірістік алаңдар, қоймалар, терминалдар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандары ашылуы мүмкін. Жоба «ШИХО» халықаралық логистикалық және трансшекаралық орталығының дамуымен де байланысты.

Жобаның экономикалық тиімділігі құрылыс кезеңінен-ақ байқалады. Құрылыс материалдарына, техника мен көлік қызметтеріне сұраныс артып, инженерлік-техникалық мамандар мен жұмысшылар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал жол пайдалануға берілгеннен кейін логистика, сауда, өндіріс және жол бойындағы қызмет көрсету салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер туады.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.