Жұмада жамағатқа жаңа мешіт пен медресе есігін айқара ашты

        28 желтоқсан 2018

        Жаңа мешіт Астанадағы Қобыланды батыр көшесінің бойында орналасқан. Бұл көпшіліктің әсіресе, осы аудан тұрғындарының көптен күткен қуанышы болатын. Сондықтан болар, аязға қарамастан халық көптеп жиналды.
        «Ақ мешіт» мешітінің ашылу рəсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты. Салтанатты жиында Бас мүфти Исламдағы мешіт салудың мəртебесі мен сауабы жайлы айта келе құлшылық үйін тұрғызған азаматтарға алғысын жеткізді. Салтанатты шарада Бас муфти жаңа мешіттің имамымен таныстырып, жиылған жамағатқа жұма намазын оқыды.

        Мешіт пен медресенің фасады - табиғи ақ мәрмәрден жасалған, қасиетті орынның Aq meshіt деп аталуы да сондықтан. Онда 450 адам бір мезетте намаз оқи алады. Заман талабына сай тұрғызылған имандылық үйінің 75 орынды медресесі бар. Мұнда 9 аудитория және оқушылар мен оқытушылардың тұруына арналған 28 бөлме, кітапхана, жаттығу залы, жеке асхана, медпункт, шаштараз және кір жуу бөлмесі қарастырылған. Бұл елдің бірде-бір мешітінде жоқ.

        Сондай-ақ, ауызашар, құдайы ас беретін асханасы, неке қию залы бар.
        2017 жылдың қыркүйек айында басталған мешіт құрылысында құрылыстың әр сатысында екі жүзге жуық адам еңбек етті. Тапсырыс беруші - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. BI Group құрылысшылары осы жылы осымен екінші мешітті салып отыр. Олай болса, қасиетті орын барша жамағатқа ізгілік нұрын себеді деген үміттеміз!

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.