Алматыда Розыбакиев көшесінде BI Group компаниясының жаңа тұрғын үй кешені салынады

Алматыда Розыбакиев көшесінде BI Group компаниясының жаңа тұрғын үй кешені салынады
Жаңа Atameken тұрғын үй кешенін Бостандық ауданында, Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің бірінші желісінде BI Group компаниясы тұрғызады.
Жоба менеджері Серікжан Сәрсенбек былай дейді: «Біз үйдің орналасатын жерін іздеу кезінде, біз бірінші кезекте ауданға мән береміз. Бүгінде бұл Алматыдағы ең сұранысқа ие және тартымды аудан».
Жаңа кешеннің ыңғайлы орналасуы болашақ тұрғындарға 1 км радиуста мектептер, дәріханалар, дүкендер, кафелер мен мейрамханалар, университеттер мен MEGA Alma-Ata сауда орталығына тез жетуге мүмкіндік береді.
12 қабатты тұрғын үй кешені 6 кіреберістен және 264 пәтерден тұрады. Әрине, бұл Алматы сәулетіндегі жаңа сөз ‒ классицизм элементтері, травертин мен граниттен жасалған фасадымен және өзінің бірегей көкшіл түсімен ерекшеленбек.
BI Development Almaty дивизионының директоры Айдос Мукатаев кешеннің артықшылықтары туралы айтып берді:
- Біз, клиенттерімізді таңқалдыруға және тұрғындардың жайлылығы үшін тұрғын үй кешеніне мүмкіндігінше көп артықшылықтар енгізуге тырысамыз. Мұндай артықшылықтардың арасында - екі деңгейлі паркинг, бүкіл периметрі бойынша бейнебақылау, көліктен қоршалған жабық аула, коммерциялық орындар бар.
BI Group компаниясында «үй табалдырықтан емес, кіреберістен басталады» деген ұғым бар. Сондықтан біздің стандартқа сәйкес, жаңа тұрғын үй кешеніндегі холлдардың өз авторлық дизайны болады.
Заманауи жайлы кешен кең жарық бөлмелерімен ерекшеленетін болады: еденнен төбеге дейінгі биіктік 3 м, есесіне есік пен терезе орындары да үлкен болмақ. Еденнен терезе астына дейін биіктік 60 см болады!
Бір шаршы метрдің бағасы ‒ 380.000 теңгеден, тапсыру мерзімі ‒ 2019 жылдың соңы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін BI Group Қазақстанда 62 тұрғын үй кешеніне, 210 үйге, 35 000 пәтерге, 9 коттедж қалашығына қызмет көрсетеді.
ТҮК туралы ақпарат аталған өнімге сұранысты анықтау мақсатында жарияланды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар кепілдік беру Қорымен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалады. Уәкілетті компания: «АзияИнвестГрупп» ЖШС, құрылыс салушы: компания «Индустрия строительства» ЖШС.