«Нұра Есіл» тұрғын үй кешенінде қоныстой!

        27 қазан 2018

        «Нұра Есіл» тұрғын үй кешенінде қоныстой!

        Иә, сенбі күні осы үйдің екінші блогының тұрғындары жаңа қоныстарын дүркіретіп атап өткен еді. Көңілді әуен мен әсерлі би болашақ тұрғындардың қуанышымен және бақытымен қатар шырқалды.
        Қаланың қарбалас өмірінен тысқары, жанұяңыз үшін қауіпсіз, жайлы үйде өмір сүргенді қаласаңыз — Nura Esil тұрғын үй кешені нағыз сізге арналған!

        Үйдің ерекшеліктері туралы жоба жетекшісі Арман Қабылқас айтып берді:
        — Nura Esil Ұлы Дала даңғылы мен Тәуелсіздік көшесінің қиылысында, тыныш ауданда орналасқан. Үй 4-тен 7 қабатқа дейін. Біз құрылыста сенімді өндірушілердің экологиялық қауіпсіз материалдарын қолдандық. Екінші блокта 9 кіреберіс, 179 пәтер — әр пәтерге үлкен панорамалық терезелер орнатылды. Біз балалар ойын алаңын барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге тырыстық. Ол үшін еуропалық материалдарды пайдаландық.

        Бақытты пәтер иелері де өз пікірлерімен бөлісті:
        — Мен немеремнің қуанышын бөлісуге келдім. Бүгін ол жанұясымен алғашқы баспанасын алуда. Үйіміздің тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Өз үлестерін қосқан BI Group компаниясының барлық құрылысшыларына үлкен рахмет! — дейді Рысалды Кәкібаева.

        — Біз пәтерді үш ай бойы іздедік, нәтижесінде таңдауымыз Nura Esil-ге түсті. Жұбайым екеуімізге үй ауласы өте ұнады. Біздің кішкентай қызымыз бар, сондықтан балалар алаңы біз үшін өте маңызды! Үлкен терезелер, әдемі кіреберіс және қауіпсіз аула — осы үйді таңдауымызға себеп болды. Ата-анамызға үлкен рахмет! — дейді Амангелді жанұясы.
        Қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтаймыз, шаңырақтарыңыздан береке арылмасын!

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.