Атырауда 2018 жылдың үздік өндіруші кәсіпкерлері марапатталды

        20 желтоқсан 2018

        Атырау облысының дамуына қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің атынан 22 кәсіпкер алғыс хаттармен марапатталды.
        «Жылдың үздік өндірушісі» номинациясына «КазПако» ЖШС ие болды, директоры Азамат Аманжолов. Компания өз қызметін Атырау облысы аумағында 2016 жылдан бастап атқарып келеді. Атырау қаласында «КазПако» ЖШС Жұлдыз қала маңындағы шағын ауданында жол төсемін салу барысында 2017 жылдың соңында өзін сенімді кәсіпорын ретінде көрсете білді.
        - Бүгінде біздің кәсіпорын асфальт-бетон қоспасын, сондай-ақ жол, азаматтық және инфрақұрылымдық құрылыста кеңінен қолданылатын тауарлық бетонды өндірумен айналысады. Күн сайын біз тауардың сапасын жақсарту үшін жұмыс істейміз, - деді Азамат Аманжолов.
        Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында 57 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Осылайша, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 9 жылында 1186 кәсіпкерге жалпы сомасы 82,1 млрд.теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Соның арқасында өңірде 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
        Соңғы мәліметтер бойынша, биылғы жылы Атырау облысының кәсіпкерлері 1 триллион теңгеге өнім өндірді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 65% артық.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.