Vela Village: карантиннен алыс орналасқан
4 мамыр 2021

Пандемия адамдардың қалауына әсер етті. Пәтерлерге қамалған қала тұрғындары пәтер ауданын кеңейтуді немесе жеке үй туралы ойлана бастады. Елордада коттедждерге сұраныс артып келеді.
Vela Village қала аумағына кіреді және әуежайдан да жақын жерде орналасқан. Алайда бұл жердің ауасы ауылдағыдай таза әрі тып-тыныш.
Керамикалық кірпіштен салынған екі қабатты коттедждер 220, 260 және 300 шаршы метрді құрайтын 3 нұсқада ұсынылады. Бірінші қабаттардағы қабырғалардың биіктігі - 3 метр, ал екінші қабатта - 3,3 метрден 3,6 метрге дейін.
Кәріз және сумен жабдықтау орталықтандырылған, газбен автономды жылыту қарастырылған. Әр виллада бір орындық гараж және 7,5 сотық жер телімі бар.
Қалашықта демалуға және көңіл көтеруге барлық жағдай жасалған. Футбол алаңдары, хоккей корты, демалыс орындары мен аллеялар қарастырылған. Көрші үйлер арасында биік қоршаулардың болмауы басты ерекшеліктердің бірі болып табылады. Олар кеңістікті ұлғайтады және ең бастысы, адамдардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейді. Сонымен қатар қауіпсіздік туралы да алаңдамауға болады. Қалашық тәулік бойы күзетіледі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Анар есімді бақытты жаңа қоныстанушылардың бірі бұл жерге ағаш отырғызбақ болғанын айтты:
- Біз бұған дейін жеке үйде тұрғанбыз және оның қаншалықты керемет екенін білеміз. Сондықтан, егерде баспана алатын болсақ, онда тек коттедж ғана болады деп шештік. Пандемия біздің шешіміміздің дұрыстығын тағы да бір дәлелдеді. Отбасымызбен есік алдында тамақтанатын боламыз.
Қалашық шулы көлік жолдарынан алыс тұрса да, барлық қажетті нысандар жақын жерде орналасқан. Мектеп, Назарбаев Университеті және Mega сауда ойын-сауық орталығына жетуге 10 минут, ал Бәйтерекке баруға 20 минут уақыт жеткілікті.
2-1 кезегіндегі барлық коттедждер сатылып кетті. Бірақ үй осы жылдың қараша айында берілетін 3-кезектің жалғыз ғана коттеджі қалды. Толық ақпаратты 360 нөмірінен біле аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.