Елордада ерекше концерт өтті

Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараны BI Service ұйымдастырды. Оркестр компанияның ардагерлер тұратын үйлерінің аулаларында соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Елорданың «қызыл аймақта» болуына байланысты тұрғындардан әлеуметтік қашықтықты сақтауды және лоджияларынан қол шапалақтап, іс-шараны қолдауларын сұрады.
Бүгінгі таңда BI Group кешендерінде 3 соғыс ардагері және 77 тыл еңбеккері тұрады. Олардың барлығы қазақстандықтар үшін қымбат мерекеде Холдингтен сыйлықтар алды.
«Зерде» тұрғын үй кешенінде Мұстафин Утін Мұқанұлы тұрады. Ол аты аңызға айналған қолбасшы Рокоссовскийдің қол астында жаумен соғысқан.
Фашизмді жеңу кеңес халқының ерен ерлігінсіз мүмкін емес еді. Жауды жеңуге үлес қосқандардың ішінде тыл еңбеккері Жатаева Казина Биляновна да бар. Соғыс жылдары «Колосок» бағдарламасы бойынша егін жинау науқанында еңбек етті. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Батыр ана.
«Жігер 2» тұрғын үй кешенінде тыл еңбеккерлері - еңбек ардагері Әмішев Көбес Әбдірахаманұлы және көпбалалы ана, «Алтын алқа» медалінің иегері Амишева Жәмила Төлегенқызы тұрады.
Сонымен қатар Ұлттық ұланмен бірлесіп, жүк автомобилінде әскери әндерді орындау іс-шарасы ұйымдастырылды. BI Service аталған патриоттық акцияны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына және астаналық 5573 әскери бөлімінің жеке құрамына зор алғысын білдіреді.
Қаһарман батырларымыздың тек осы күні ғана еске алынбайтынын айта кетуіміз керек. Көп жыл бұрын BI Group компаниясының бірқатар үйінде қарт адамдарға арналған демалыс орталықтары ашылды, өйткені кейде қарт адамдарға ең бастысы – мұндай орталықтардан алатын адами қарым-қатынас пен жан жылуы жетіспей жатады.