Zaman - жаңа заман үйі

Өткен сенбіде Атырауда BI Group компаниясы салып жатқан бизнес класты Zaman тұрғын үй кешенінде Ашық есік күні өткен еді.
Атыраудың бас алаңы жанындағы үлкен құрылыс бірнеше ай бойы қала тұрғындарының назарын аудартуда. Астана мен Алматы нарықтарындағы BI Group-тың табысты тәжірибесін ескергенде, жаңа кешеннің қаладағы көрнекті сәулет құбылысына айналатыны сөзсіз. Сондықтан Zaman тұрғын үй кешенін көруге жиналғандар аз емес. Кең бөлмелер, жоғары төбе мен кең көлемді терезелер келген қонақтарды қызықтырмай қоймады. Сонымен бұл тұрғын үй кешені басқа үйлерден несімен ерекшеленеді? Бұл сұраққа жоба жетекшісі Қуаныш Урашев жауап берді:
- Бұл BI Group компаниясының Атыраудағы алғашқы тұрғын үй кешені. Құрылысты бастамас бұрын, тұрғындардың жайлылығы үшін барлығын ескердік: үйдің орналасуы, климаттың ерекшеліктері, халықтың қажеттіліктері және тағы басқалар. Артықшылықтардың бірі - жерасты паркингі, бұл көліктің қауіпсіздігі мен тұрғындардың ыңғайлылығы үшін. Яғни, клиент көлігін паркингке қойып, паркингтен көшеге шықпай-ақ пәтеріне бірден көтеріле алады. Паркингтің үстінде - қауіпсіз аула. Мұнда барлығы белсенді және тыныш демалуға арналған спорт алаңдары, балалар ойын алаңы болады. Жанұяңызбен, көршілеріңізбен пикник жасауға болады, сондай-ақ балаларыңызбен керемет уақыт өткізесіз. Аулада ойнап жүрген балалары үшін ата-аналары еш алаңдамаса болады, өйткені аула көліктерден қоршалған, қауіпсіз. Бізде бұл стандарт Астана мен Алматыда салынып жатқан барлық үйлерде бар. Ал шұғыл жағдайларда аулағы жедел жәрдем мен өрт сөндіру машинасы еш кедергісіз кіре алады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы күзет жоспарланған, ал домофон бейнебақылаумен жабдықталады.
Тағы бір ерекшелігі, үйдің орналасқан жері - қаланың орталығы, Исатай мен Махамбет алаңының жанында. Сауда, спорт кешендері, ХҚКО, мектептер, балабақшалар жақын жерде. Есесіне Атырау қаласының әкімдігі жақын маңдағы саябақ аймағын салуды жоспарлап отыр.
Үйдің кең көлемді терезелерін де атап өтуге болады. Оның арқасында бөлмеге жарық мол түседі, бұл әсіресе қысқы күндері маңызды. Ал жаз мезгілінде, керісінше, зиянды күн сәулесі жұтылады. Бұл арнайы мультифункционалды шыны пакеттер, сондай-ақ энергия үнемдеу функциясы бар: суықта үйде жылуды сақтайды. Қаланың шуынан қорғайтын үш шыныпакет болады.
Сонымен қатар, клиенттер пәтер таңдағанда оның жоспарына өзгеріс енгізе алады. Мысалы, бөлме кең болу үшін - асүй мен қонақ бөлмесін біріктіру.
Кешенде жылдамдығы секундына 1,5 метр қашықтықта қозғалатын дыбыссыз лифтілер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кабельді ТВ-ға, интернетке қосылу, реттелетін жылыту жүйесі, дыбыс өткізбейтін пәтераралық қабырғалар және тағы да басқа көп ұсақ-түйектер жаңа пәтер иелеріне жайлылықта өмір сүруге мүмкіндік береді.
Ашық есік күнінде осы үйдің болашақ тұрғындарының бірі Ұлан Ахмадиевпен әңгімелескен едік:
- Мен өзім құрылыс саласында жұмыс істеймін, сондықтан кәсіби маман ретінде Zaman-ның біздің өңірдегі бірден-бір бірегей тұрғын үй кешені екенін сенімді түрде айта аламын. Үйдің қаламыздың мәдени және саябақтар арасында орналасқаны ұнайды. Мен BI Group компаниясына сенемін, өйткені олар үйді сапалы салып, қауіпсіздік пен жайлылыққа кепілдік береді.