Компаниямыздың мерейтойын бізбен бірге тойлаңыздар. 1 шілдеден 31 тамызға дейінгі аралықта жылжымайтын мүлік сатып алып, құнды жүлделердің ұтыс ойынына автоматты түрде қатысыңыздар. Басты жүлде — Астанадағы жеке пәтер.
Қатысушы болу үшін не істеу керек:
- Астана, Алматы, Атырау, Шымкент немесе Қарағанды қалаларындағы кез келген жобамыздан пәтер сатып алыңыз;
- Акция мерзімі: 1 шілдеден 31 тамызға дейін;
- Кез келген ыңғайлы төлем тәсілі: 100% төлем, бөліп төлеу немесе ипотека.
Назар аударыңыздар:
Акцияға Trade-in жүйесі бойынша броньдау, сақтау жайлары мен тұрақ орындарын сатып алу, өзара есеп айырысу мәмілелері, сыйға тарту шарттары қатыспайды. Сонымен қатар, бұған дейін жылжымайтын мүлік бойынша шарттары кез келген себеппен бұзылған немесе басқа адамға қайта рәсімделген клиенттер де акцияға қатыса алмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын 18 жасқа толған жеке тұлғалар Ұтыс ойынына қатысушы болып танылады.
Жеңімпазды анықтау:
Жеңімпаз тікелей онлайн-эфирде жеке куәлікте көрсетілген аты-жөні бойынша, кездейсоқ таңдау (рандомайзер) арқылы анықталады. Жүлдені алу үшін жылжымайтын мүлік иесінің жеке өзі болуы міндетті.
Ұтыс ойынының толық талаптарын сілтеме бойынша алуға болады.
Акцияны өткізу немесе оған қатысу мәселелерімен байланысты Компанияға хабарласу және басқа да әрекеттерді жасау автоматты түрде тиісті тұлғалардың осы Офертамен танысқанын және толық келісетінін білдіреді.
Ескертпе:
- Ұтыс ойынының жеңімпазы тұрғын үй кешені пайдалануға берілгенге дейін пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан бас тартқан жағдайда, жеңімпаз жүлде құнын өтеуге міндетті;
- Ұтыс ойыны Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, қатысу талаптарының теңдігін қамтамасыз ету және жариялылық қағидаттары бойынша өткізіледі;
- Осы Ережелер мен мерзімдер Компанияның қарап шешуі бойынша алдын ала хабардар етпестен, біржақты тәртіпте өзгертілуі мүмкін;
Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.