Реферальная программа BI
Егер достарыңыздың, туыстарыңыздың немесе таныстарыңыздың арасында BI Group-тен жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарлап жүргендер болса, оларды BI Group рефералдық бағдарламасы арқылы шақырыңыз.
Әрбір сәтті мәміле үшін сіз 100 BI Club алмазын аласыз. Ал ұсынысыңызбен келген досыңыз да жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін 100 BI Club алмазына ие болады.
Рефералдық бағдарлама қалай жұмыс істейді?
Сыйақы алуға дейін небәрі 5 қадам.
1. Ұсыныс қалдырыңыз
BIGApp қосымшасындағы BI Club бөліміне өтіп, «Дос шақыру» батырмасын таңдаңыз. Жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарлап жүрген адамның байланыс деректерін енгізіңіз.
2. Ұсынысты тексеруден өткізіңіз
Біз ұсыныстың бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереміз. Ұсынылған адамның байланыс деректері BI Group жүйесінде бұрын тіркелмеген және басқа қатысушыға бекітілмеген болуы тиіс.
3. Қосымша ақпаратты толтырыңыз
Ұсыныс сәтті тексерілгеннен кейін ұсынылған клиент туралы қосымша мәліметтерді толтырыңыз. Осыдан кейін оған WhatsApp арқылы сіздің рефералдық бағдарлама аясында шақырғаныңыз туралы автоматты хабарлама жіберіледі.
4. Досыңыз BI Group-тен жылжымайтын мүлік сатып алады
Сатып алу рәсімі аяқталып, мәміле расталғаннан кейін ол BI Group жүйесінде тіркеліп, соңғы тексеруден өтеді.
5. Сыйақыңызды алыңыз
Мәміле мәртебесі расталғаннан кейін сізге де, досыңызға да 100 BI Club алмазы есептеледі. Алмаздарды BI Club көрме-сөресіндегі сыйлықтарға, тауарларға, қызметтерге және арнайы ұсыныстарға айырбастауға болады.
Неліктен қатысқан тиімді?
- Әрбір сәтті ұсыныс үшін сыйақы алыңыз.
- BI Club алмаздарын жинаңыз.
- Алмаздарды сыйлықтарға, тауарларға, қызметтерге және арнайы ұсыныстарға айырбастаңыз.
- Ұсыныстар санына ешқандай шектеу жоқ.
Шақырылған досыңыз не алады?
Егер досыңыз сіздің ұсынысыңыз арқылы BI Group-тен жылжымайтын мүлік сатып алса, ол да 100 BI Club алмазын алады. Бұл алмаздарды BI Club көрме-көресіндегі сыйлықтарға және арнайы ұсыныстарға айырбастай алады.
BI Club алмаздары дегеніміз не?
Алмаздар — рефералдық бағдарламаның ішкі бонустық валютасы. Оларды мынадай артықшылықтарға пайдалануға болады:
- сыйлықтар;
- тауарлар;
- қызметтер;
- BI Club көрме-сөресіндегі арнайы ұсыныстар.
Маңызды:
- Алмаздарды ақшаға айырбастауға болмайды.
- Алмаздарды басқа пайдаланушыға беруге болмайды.
- Алмаздарды ақшаға сатып алуға болмайды.
Алмаздарды тек BI Club адалдық бағдарламасы аясында пайдалануға болады.
Бағдарламаға кім қатыса алады?
Рефералдық бағдарламаға мына талаптарға сай келетін кез келген BI Club пайдаланушысы қатыса алады:
- 18 жасқа толған;
- Қазақстан Республикасының азаматы;
- BI Club жүйесінде тіркелген;
- Бағдарлама ережелерімен келісіп, оларды қабылдаған.
Досыңызды қалай шақыруға болады?
Бұл небәрі бірнеше минутты ғана алады.
Келесі ақпаратты енгізу қажет:
- досыңыздың аты-жөні;
- телефон нөмірі;
- нені қызықтыратыны.
Қажет болса, қосымша пікір қалдыруға немесе қызықтыратын тұрғын үй кешенін көрсетуге болады
Сіздерді сату бөлімдерімізде күтеміз. Толық ақпаратты 360 нөмірі арқылы ала аласыздар.
Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.








