BI City, D блогында ашық есік күні өтті

        14 мая 2018

        Өткен сенбі күні BI City тұрғын үй кешені D блогында дәстүрлі ашық есік күні болып өтті.

        Болашақ пәтер иелері объектіге келіп, құрылыс барысын өз көздерімен көріп, жоба командасына сұрақтарын қойып, жауап алды.

        Жоба жетекшісі Еркін Батталов:

        - BI City тұрғын үй кешені D блогының басқа блоктардан айырмашылығы ауласындағы көгалдандыру жұмыстарын, демалатын орындар мен қойылатын шағын архитектуралық формаларды толықтай корея стиліне сәйкестендіріп жасап жатырмыз.

        Бұл блоктың жалпы құрылыс алаңы 40 000-ға дейін шаршы метрді құрайды. Соның ішінде пәтерлер 32 000 ш.м. Бүгінде 291 пәтердің 50%-нан астамын сатып үлгердік.

        Кешен бизнес классты, төбенің биіктігі 3 метр. Үйдің фасады қалыңдығы 2 мм-лік Еуропаның Reynolux брендті аллюминийінен 3 түрлі түсте болады. Олар: Lime Stone, травертин, гранит.

        Жер асты паркингінде 205 көлік орны бар.

        Қазіргі таңда үйдің дайындығы 50%-дан асты. Негізгі тапсырылу уақытынан 3 айға ертерек, яғни 2019 жылдың ақпан айының орнына, біз 2018 жылдың желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отырмыз.

        Аяпов Марат, Аяпова Алма:

        - Бұл біздің компаниядан алып жатқан екінші пәтеріміз. Біріншісі осы кешеннің "А" блогында. Енді міне, балаларымыз бен немерелерімізге жақын болып, жиі барып тұру үшін "D" блогынан да алдық. Барлығы ойластырылып, толық жағдай жасалғандығы ұнайды. Паркингтің болғандығы ыңғайлы. Пәтермен бірге қойма бөлмесін де алдық. Құрылыс сапасы да жақсы. Біз әлі тұрып көрмедік, тек сатып алып жатырмыз, бірақ, көңіліміз қалмайтындығына сенімдіміз, себебі, достарымыз бен таныстарымыздан бұл компанияға сенуге болатындығын естіп жүрміз.

        "Бұл бірінші пәтерім, мен 73 жастамын, мұндай үйді құдай маған бергеніне мың да бір рахмет! Қызымның арқасында, сіздің компанияның арқасында осындай үйдің ішіне кіріп, көріп шыққаныма қуанып тұрмын. Балаларыма, үйді салып жатқан балаларға да алғысым шексіз! Сондай ризамын, бәріңе рахмет! Енді туыстар мен таныстарға үй алатын болсаңдар BI-ға барыңдар деп айтып тұрамын." - дейді қуанғанынан толқып, көзіне жас алған Забиля апамыз.

        Кешеннің уақытынан ерте тапсырылатындығы бұл блоктағы болашақ пәтер иелеріне Жаңа Жыл қарсаңындағы керемет сыйлық болатын болды.

        Қоныс тойда кездескенше!

        Все права на публикуемые на сайте материалы принадлежат компании BI Group © 1995-2025
        Пользователь уведомлен, что любые материалы, размещенные на сайте, являются объектами интеллектуальной собственности BI Group (правообладателя). Пользователь не вправе без предварительного письменного разрешения правообладателя осуществлять какие-либо действия с объектами интеллектуальной собственности, в противном случае, правообладатель оставляет за собой право на взыскание штрафов, предусмотренных законодательством РК, а также на обращение в компетентные органы за защитой своих прав и законных интересов.
        Любая информация, представленная на данном сайте, носит исключительно информационный характер и ни при каких условиях не является публичной офертой.