Panorama Park тұрғын үй кешенінде бірінші ашық есік күні өтті

        14 мая 2018

        Panorama Park тұрғын үй кешенінде бірінші ашық есік күні өтті

        Клиенттерді пәтер алмас бұрын әсіресе, дыбыстан оқшаулау мәселесі қатты мазалайтыны жасырын емес. Panorama Park жобасының бас инженері Руслан Дуанбаев бұл жайында толығырақ айтып берді.
        Үйдің бірнеше қабаты салынып болғаннан кейін компания болашақ тұрғындарға Ашық есік күнін өткізеді. Яғни, олар үйдің қандай құрылыс материалдарынан салынғанын бүге-шүгесіне дейін біле алады. Қандай да бір ұсыныс-ескерту болса, жоба командасы оны орындауға дайын.
        «Өткен жылдан бері компания тұрғындардың жайлылығы үшін жаңа стандарт, дәлірек «қабырғадағы қабырға» технологиясын қолдануды бастады. Яғни, газоблок, одан кейін гипсокартон, минлита, тағы гипсокартон және газоблок, сондағы пәтераралық қабырғаның қалыңдығы 27 см. Ал жоғарыдағы көршілерден шум болмасы үшін, біз еденге қалыңдығы 10 см болатын фибробетон төсейміз, бұл дыбыс және жылуды өткізбейді,-дейді бас инженер.
        Үйдің сыртқы келбеті тартымды, фасад немістің Creaton табиғи плиткалары, ал кейбір декоративті элементтері австриялық Фундермакс панельдері. Кең көлемді, 5 камералы терезелерден қаланың әдемі көрінісі ашылады.
        Келген болашақ пәтер иелері де өз пікірлерімен бөлісті.
        Еркебұлан Койшубеков:
        «Көптеген таныстарым сіздер салған үйлерде тұрады, бұл менің BI Group-тан бірінші пәтерім, орналасқан жері өте ұнады, оның үстіне бизнес санатты»
        Архат Бейсенов:
        «Біз өзіміз осыған жақын жердегі Экспо бульвада тұрамыз. Бұл пәтерді ата-анамызға сатып алдық. Барлығы сапалы болады деп, сенеміз»
        Бизнес санатты Panorama Park тұрғын үй кешенінің 1-блогын келесі жылдың наурыз айында, ал 2-блогын ақпан айында тапсыру жоспарланған. Алайда, құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан, жоба командасы бір ай алда келе жатыр.
        Үй елордамыздың ең таңдаулы ауданында орналасқан. EXPO, Астана балет, Ботаникалық бақ, спорт кешендер мен сауда орталықтар үйден бірер қадам жерде.

        Все права на публикуемые на сайте материалы принадлежат компании BI Group © 1995-2025
        Пользователь уведомлен, что любые материалы, размещенные на сайте, являются объектами интеллектуальной собственности BI Group (правообладателя). Пользователь не вправе без предварительного письменного разрешения правообладателя осуществлять какие-либо действия с объектами интеллектуальной собственности, в противном случае, правообладатель оставляет за собой право на взыскание штрафов, предусмотренных законодательством РК, а также на обращение в компетентные органы за защитой своих прав и законных интересов.
        Любая информация, представленная на данном сайте, носит исключительно информационный характер и ни при каких условиях не является публичной офертой.