ModeX жаңа буын зауыты
ModeX қағидаттары таза әрленген және түрлі қасбеттік шешімдері бар блок-бөлмелерді жасап шығаруға мүмкіндік береді.
ModeX бойынша қазірдің өзінде 17 жоба жүзеге асырылды.
Модульдік технология – әлемдік тренд. Біз оны Қазақстанда бірінші болып енгіздік. Бұдан былай жұмыстың 80%-ы өнеркәсіптік жағдайда өтеді. Мұндай инновациялық тәсіл құрылыс саласын қайта қарауымызға және жаңа сапа стандарттарын белгілеуімізге мүмкіндік береді.
Құрылыс қағидаттары
Жоғары стандарттар
Біздің өндірістік процесіміз қабырғалардың, еденнің және төбенің беті мінсіз тегіс болуына қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. Көп кезеңдік операциялық бақылаудың және автоматтандырудың жоғары дәрежесінің арқасында адам факторы барынша азайтылды.
Экологиялық технология
Жұмыстың 80%-ға жуығы құрылыс алаңында емес, кәсіпорында жүзеге асырылады. Осылайша, біз ресурстарды пайдалануды оңтайландырамыз, зиянды шығарындыларды азайтамыз және үйлерді салу кезіндегі шуды барынша азайтамыз.
Кәсіби мамандар командасы
Біз компанияның негізі – ұжым екеніне сенімдіміз. ModeX-тің пікірлестер командасы өз жұмысын шабытпен жасайды, қазірдің өзінде жоғары білікті мамандарымыз өз біліктіліктерін күннен-күнге арттырып келеді.
Индустрия 4.0
Технологиялық компаниялар үшін жылдамдық барған сайын маңыздырақ болып келеді. Процестердің цифрлық трансформациясы жұмыстың әрбір кезеңін уақтылы және мақсатқа сай ұйымдастыруға көмектесетін құралдар кешенін енгізуді меңзейді.
Толық жиынтық
Модульдік технология зауыт жағдайында кешенді таза әрлеу жүргізуге мүмкіндік беруімен бірегей. Осылайша, біз құрылыс алаңында ылғалды жұмыстарды болдырмай, көптеген процестерді оңтайландырамыз.
Жедел мерзімдер
Модульдер шығару технологиясының өзіндік ерекшелігі және өндірістің көп маусымдылығы жобаның өмірлік циклін қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, 16 қабатты үйдің модульдік құрылысы – шамамен 6-7 айды, ал тұтас құймалы-қаңқалы құрылысы 16 айды қажет етеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Көп маусымдылық және көптеген технологиялық процестердің автоматтандырылуы кестеден кешігуді болдырмай, құрылыс мерзімін едәуір оңтайландыруға мүмкіндік береді. ModeX жаңа пәтеріңіздің кілттерін тезірек алу мүмкіндігін ұсынады.
Керамзит-бетон модульдердің бастапқы шикізаты – экологиялық таза керамзит. Модуль қабырғалары қыста – жылуды, жазда салқынды сақтайды. Ал ModeX өндірістік қағидаттары қоршаған ортаға әсерді азайтуға көмектеседі.
Керамзит-бетон мен қосымша шу оқшаулау материалдары шудың төмен деңгейін қамтамасыз етеді. Бұған қоса, әр блоктың өз қабырғалары, едені және төбесі бар. Нәтижесінде пәтерлерде қосарлы қабырғалар мен қосарлы арақабырғалар болады.
Біздің технологиямыз қабырғалардың, еденнің және төбенің беті мінсіз тегіс болатынына кепілдік береді. Пәтерлер таза әрлеуде – тұрғындардың көшіп кіруіне толық дайын күйде беріледі. Өз күшіңізбен жөндеу немесе қайта жоспарлау жүргізудің қажеті жоқ.
ModeX-тің жеке жобалау ұйымы эргономикалық жайғасымдар жасауға мүмкіндік береді, сондықтан біз әр үй-жайдың функционалдылығын алдын ала ойластырамыз. Конструктивті өзгертудің қажеті жоқ, әрі біз пәтерлерді таза әрлеуде береміз. Өндіріс процесінің инновациялық қағидаты клиенттеріміздің өзекті қажеттіліктеріне бейімделуге мүмкіндік береді.
Иә. Сапаны операциялық бақылау адам факторының әсерін барынша азайтады және өндіріс процесінің әрбір кезеңін қадағалауға мүмкіндік береді. Модульдер жинақталатын зауыт жағдайларында да, құрылыс алаңында да.