Көшу туралы шешім әрдайым белгісіздікке жасалған қадам екенін білеміз. BI Group оны жеңіл әрі тиімді етуге көмектеседі: жаңа қалада пәтерді таңдаудан бастап мәмілені онлайн ыңғайлы рәсімдеуге дейін. Қосымша уайымсыз өміріңіздің жаңа тарауын бастаңыз.
Неліктен BI Group — сіздің көшуіңіз үшін ең жақсы таңдау
Сенімділік пен тәжірибе
Нарықта 30 жылдан астам, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асқан мыңдаған жобалар.

Әлеуетті ашуға арналған орта
Балабақшалары, мектептері, дүкендері және қолайлы көлік қатынасы бар аудандардағы тұрғын үй кешендері.

Сатып алу үшін икемді шарттар
Арнайы ипотекалық бағдарламалар және кез келген қаладан онлайн түрде пәтер сатып алу мүмкіндігі.

Барлық кезеңдерде қолдау
Пәтер таңдауға, құжаттарды рәсімдеуге және көшу мәселелері бойынша кеңес беруге көмектесеміз.

BIG+ жөндеуден өткен пәтерлері
Дайын жөндеуі бар пәтерлер — кіріп, бірінші күннен-ақ өмір сүре беріңіз.

«Бастан аяғына дейін» көшу
Жүк тасымалдау және үйді жайластыру бойынша серіктес сервистер — сіздің жайлылығыңыз үшін бәрі қарастырылған.

Күнді таңдау және заттарды тексеру
Көшу күнін алдын ала анықтап алыңыз. Заттарыңызды сұрыптаңыз: нені алып кетесіз, нені сатасыз, нені сыйлайсыз. Бұл уақытыңыз бен кеңістігіңізді үнемдейді.
Қаптау
Заттарды санаттарға бөліп, қораптардың сыртына белгілер қойыңыз. Бұл ашып-жинауды және қажет дүниені табуды әлдеқайда жеңілдетеді.
Көлік ұйымдастыру
Тасымалдау тәсілін таңдаңыз: өзіңіз немесе BI Group серіктес сервистері арқылы. Сенімді тасымалдаушыларды таңдауға біз көмектесеміз.
Клиенттердің пікірлері
Кеңес алу








